Мынбатырова Нұрлайым Қанбатырқызы, қазақ, білімі жоғары – заңгер, заң ғылымдарының кандидаты – 1964 жылы 17 желтоқсанда Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында туған. 1971-1981 жылдары осы ауданның Жібек жолы ауылында Аманкелді атындағы орта мектебінде білім алып, бітіріп шықты. Мынбатырова Н. Қ. 1981 жылы Шымкент педагогикалық институтының тарих факультетіне түсіп, 1986 жылы аталған инститтуттың «Тарих және педагогика» мамандығын бітірді. 1986-1994 жылдары Сарыағаш қаласындағы №10 Қ.Сәтбаев атындағы мектепте тарих және құқық негіздері пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. 1998 ж. Қазақ мемлекеттік заң университетіне оқуға түсіп, 2001 жылы «Заңтану» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1994-2007 жылдары Қазақ мемлекеттік заң университетінің мемлекет және құқық тарихы, кейіннен мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарды. Мынбатырова Нұрлайым Қанбатырқызы 2003 жылы сәуірде ҚР ҰҒА-ның академигі Салық Зиманұлы Зимановтың жетекшілігімен «Төле бидің соттық шешімдері және қазақтың әдет-ғұрып құқығы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 2007 жылдан бері Мынбатырова Нұрлайым Қанбатырқызы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы» кафедрасында доцент қызметін атқарып келеді. 2022 жылы 5 сәуірде Н.Қ. Мынбатыроваға ҚР БжҒМ-нің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен «Құқықтану» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Мынбатырова Нұрлайым Қанбатырқызы 120-дан астам ғылыми еңбектің авторы болып табылады. Жалпы еңбек өтелімі – 37 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық – 29 жыл.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

ҚазГЗУ
2 -ші жоғары
2001

пед.институт

Жоғары

1986

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
17.10.2003

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
01.01.2001
Қызығушылығы
Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0